Тіпті қартайған сайын диқаншылықтан жалығады, үмітсізденеді, «неге керек?» - дейді... «Мен негізінде бәрібір дүниеден кетіп барамын, мүншама азапты не үшін шегемін?» - дейді, өзін жалқаулыққа салады. Бірақ әуелгі адам: «бүдан да көп ғибадатпен бірге, адал тірлікпен айналысамын. Осылайша қабіріме бүдан да көп нүр жіберемін. Ақыретіме бүдан да көп азық дайындаймын», - дейді.
Қорытынды: әй, нәпсі! Біліп ал: кешегі күн сенің қолыңнан кетті. Ертеңгі күн болса - оған ие болуға сенің қолыңда күжат жоқ. Олай болса, бүгінгі күніңді - хақиқи өмірім деп біл. Ең аз дегенде күніңнің бір сағатын, болашақта қажет ақша сияқты - хақиқи келешек заманың үшін қүрылған бір ақырет сандықшасы болған мешітке немесе бір жайнамазға таста. Әрі біліп ал: әр бір жаңа күн - сен үшін, әрі барлығы үшін - бір жаңа әлемнің есігі. Егер Намаз оқымасаң - сенің ол күнгі әлемің қараңгы және пүшайман бір халде кетеді, Мысал Әлемінде саған қарсы шаһадат етеді. Өйткені, әр кімнің - әр бір күнде, бүл әлемнен өзіне тиісті әлемі бар. Әрі ол әлемнің жағдайы - ол адамның жан-жүрегіне және іс-әрекетіне тәуелді. Мәселен: айнаңда көрінген зәулім бір сарай, айнаңның түсіне қарайды. Егер ол қара болса - қара көрінеді, қызыл болса - қызыл көрінеді. Әрі оның сапасына қарайды.