Егер сен демалу және үзіліс уақытыңды рухыңның рахатына, қалбыңның тыныс алуына себеп болған Намазға жүмсасаң, сол кезде дүниедегі бере-келі ақшаңмен бірге, ақыреттегі ақшаң мен азығыңа маңызды бір қазына болған екі рухани қорды табарсың:
Біріншісі: бақшаңдағь барлық өсіргендерің: гүлді болсын, жемісті болсын - әр бір өсімдіктің, әр бір ағаштың тәсбихатынан жақсы бір ниет-пен бір үлес алудасың.
Бұл мақам бір бақшада, бір адамға, бір дәріс ретінде баяндалған
Екіншісі: әрі бұл бақшадан шыққан жемістерден кім жесе: хайуан болсын, адам болсын, сиыр болсын, шыбын болсын, сатып алушы болсын, ұры болсын - саған бір садақа үкіміне өтеді, тек қана мына шартпен: егер сен Хақиқи Раззақ атымен, әрі Оның рүқсатымен пайдалансаң және Оның малын Оның мақүлықтарына берген үлестіруші бір қызметкер көзқарасымен өзіңе қарасаң...
Міне, қара: Намазды тастаған адам қаншама үлкен зиян келтіреді, қаншама маңызды бір байлығын жоғалтады және жүмыс істеуге өте үлкен бір қүлшыныс берген, амалда үлкен бір рухани күш тауып берген - ол екі нәтижеден және ол екі қордан мақрүм қалады, әрі банк-ротқа үшырайды.