ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 3
(1-148)

Екінші адам оған:

-"Не істеп жатырсың? Жазаға тартыласың, мені де бәлеге қалдырасың. Бұл заттар мемлекеттің мүлкі. Айналадағы адамдар бала-шағасымен әскер қатарында немесе мемлекет сақшылары. Бұл жұмыстарда кәдімгі қызметкер (штатскиий) ретінде іс атқаруда. Сондықтан да саған онша тиіспейді. Бірақ жаза өте ауыр. Патшаның барлық жерде телефоны мен сақшылары бар. Тез райдан қайтып кешірім сұра."

Бірақ анау өркөкірек, тәкәппарсып: "Жоқ, дәулет мүлкі емес, ортақ нәрсе, иесіз. Жұрттың бәрі керегінше жұмсай алады. Мына әдемі заттардан пайдалануыма кедергі боларлықтай еш нәрсе көріп тұрғаным жоқ. Көзіммен көрмеген нәрсеге сенбеймін."- деді. Әрі даурығып, көптеген қисынсыз нәрселер айтты. Екеуінің арасында айтыс басталды.

Өркөкірек адам әуелі:

"Патша деген кім? Танымаймын..." деді. Жолдасы да оған:

"Бір ауыл ауылнайсыз болмайды. Бір ине ұстасыз жасалмайды. Жазушысыз бір әріптің жазылмайтынын білесің.

Дыбыс жоқ