Жолдасы оған жауап ретінде:
"Бауырым-ау, көз алдыңдағы мына мемлекет бір тәжірибе алаңы. Әрі, Сұлтанның таңғажайып өнерінің көрмесі. Әрі ол - қонақүй, мейманхана. Күн сайын келіп-кетіп жатқан керуендерді көріп отырсың, Толассыз ағылып босалып отыр. Бір шама заман өткен соң бұл ел қоныс аударады. Мына тұрғындары да басқа бір мәңгілік мекендеріне тұрақты қоныс тебуге көшіріледі. Ол жерде әркім атқарған қызметіне, жасаған іс-әрекетіне қарай жаза не болмаса сый-құрмет көреді,"-деді. Әлгі өркөкірек тағы да қасарысып: "Сенбеймін, бұл мемлекеттің тас-талқаны шығып, басқа жаққа көшуі мүмкін емес,"-деді. Будан кейін жолдасы: "Қасарысып қоймадың, сөзіме құлақ қой. └Үлкен бір сот" (Махкеме-и кубра) бар екендігін, бір сый-құрмет жері мен жаза беретін зынданы бар екендігін, әрі мына мемлекет бос қалып тас-талқан болатынын бұлтартпас шексіз дәлелдерден тек бірнешеуін "Он екі сурет" арқылы көрсетіп берейін,"-деді.
БІРІНШІ СУРЕТ:
Бір салтанат, әсіресе мұндай кемелденген өзінің адал да жақсы қызмет етушілеріне сый-құрмет көрсетпеуі, ал қарсы шығып заңға бағынғысы келмегендерге жаза бермеуі мүмкін бе? Бұл жерде көре алмағаныңмен басқа жерде үлкен сот бар.