ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 8
(1-148)

Ал мына қонақжайдағылардың бәрі де тез кетіп, жоғалуда. Мынадай кемелдік пен сұлулықтың бір ғана сәулесін тіпті қараң еткен көлеңкесін аз уақыт ішінде қарап үлгірместен, тоя алмай кетіп жатыр. Демек, басқа жерде мәңгі тамашалау орны бар.

БЕСІНШІ СУРЕТ:

Жасалып жатқан мына істер теңдесі жоқ бір Күштің аса мейірімі бар екендігін көрсетеді. Неге десеңіз, бәлеге душар болғандардың бәріне көмекке келеді. Барлық сұрақтар мен талап-тілектерге жауап береді. Тіпті қарамағындағылардың ең төменгі сатысындағылардан болмашы бір қажеттілік көрсе, оны да қамтамасыз етеді. Бір қойшының қойының аяғы ақсап қалса, жарасына дәрі жағуға мал дәрігерін жіберіп отыр. Мына аралда үлкен бір жиналыс бар, ал енді соған барайық. Бул мемлекеттің барлық игі жақсылары сол жерге жиналуда. Назар сал, үлкен бір таңбасы, нышаны бар бір Яуер-и Әкрем сөз сөйлеуде. Мейірімді патшасынан бір нәрсе сұрауда. Жанындағылардың бәрі де └Иә, иә біз де қалаймыз,"-деп оны қуаттауда. Ал, патшаның сүйіктісі болса: └Әй, біздерді нығметтермен азықтандырушы Султанымыз! Бізге усынып отырған үлгілерің мен көлеңкелеріңнің асыл негіздері мен қайнарларын көрсет. Бізді салтанат сарайыңның орталығына ал.

Дыбыс жоқ