ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 9
(1-148)

Бізді мына шөлдерде қақтатпа. Бізді құзырыңа ал. Бізге мәрhәмет ет. Бұл жерде дәмін татқызған ләззәтті нығметтеріңді ол жерде жегіз. Бізді жоқ етіп, өзіңнен ұзақ ұстап азап берме. Сені сағынып, саған шүкір етуші қол астыңдағы бізді бос тастап, жоқ ете көрме!"-деп қатты жалбарынуда. Оны сенде естіп отырсың. Апырым-ай, осыншама мейрімді де құдіретті патшаның ең төменгі дәрежедегі бір адамның болмашы тілегіне өте мән беріп қамтамасыз етіп ең сүйіктісі Яуер-і Әкрамының тілектерін қабылдамауы еш мүмкін бе ? Ал шындығында ол сүйіктісінің тілектері, көпшіліктің де мақсат тілегі. Әрі патшаның разы болып көңілінен шығатын нәрселері, hәм мерhаметі мен әділеттігіне сай. Әрі оған бұл істер өте оңай. Мына қонақжайдағы фәни өткінші көрсету алаңындағылардан да оңай. Үлгілерін ғана көрсету үшін бес-алты күндік жаймаларға осынша шығын жасаған екен. Әлбетте, нағыз қазыналары мен кемелдіктерін, өнерін көрсету үшін Салтанат Сарайының орталығында бір көрме ашатын болады. Ол көрменің кереметтігі сондай, көргендер есінен танады. Демек мына емтихан алаңында олар жәй әншейін емес. Оларды бақыт сарайлары мен зындандар күтуде.

Дыбыс жоқ