ЖЕТІНШІ СУРЕТ:
Жүр, біраз серуендеп қайтайық. Мына мәдени тұрақтардың ішінде не бар, не жоқ аралап шығайық. Ал енді зер сал. Әр жерде әр бұрышта көптеген фото аспабы суретке түсіруде. Әне қара, әр жерде сансыз хатшылар отырып алып бір нәрселер жазуда. Барлық нәрселерді тіркеп қоюда. Түкке тұрғысыз істер мен болмашы оқиғаларға дейін жазып тіркеп қоюда. Әй әне қара, ана бір биік таудың басында Патшаның үлкен фотоаспабы құрылған екен. Ол бұл жердегі барлық оқиғаларды суретке түсіріп алуда. (Сілтеме)(3)
-----------------------------------------------------(3)(Сілтеме): Бул суреттің мегзеп отырған мағыналарының бір бөлімі жетінші ақиқатта баяндалған. Бір айта кететін жағдай, бул жердегі Патшаның фотоаспабы деп отырғанымыз шындығында Леух-и Махфуз. Леух-и Махфуздың бар екендігі Жиырма алтыншы сөзде былайша дәлелденген: Кішкене-кішкене куәліктер (паспорттар) үлкен мемлекеттік тіркеудің бар екендігін дәлелдейді. Кішкене-кішкене есеп қағаздар (чектер) үлкен есеп дәптердің бар екендігін көрсетеді. Сызақтап аққан тамшылар үлкен су көзінің бар екендігін дәлелдейтіні секілді, адамзаттың еске сақтау қабілеті, ағаштардың жемістері, жемістердің туқымдары әлбетте бір Хафыза-и Күбраның, Үлы дәптер мен Леух-и Махфуздың бар екендігін дәлелдейді. Тіпті ақылы барға керсетіп береді.