Уәдесі болған бұл нәрселер оған өте оңай. Қол астындағылар үшін де өте маңызды. Уәдесінде тұрмай сөзінен таю, әкімшілік қасиетіне қайшы келеді. Әй есалаң, ал енді бері қара. Сен жалған әрі турақсыз пікіріңді, қисынсыз ақылың мен алдатушы нәпсіңді мақұлдаудасың. Қай жағынан алсаң да өтірік пен уәде бұзуына мәжбүрлігі жоқ, әрі өтірік пен уәде бұзушылық қасиетінің жараспайтынын әрі барлық жасалып жатқан істер оның тура да әділ екендігін дәлелдеп отырған біреуді өтірікші қылғың келеді. Әлбетте ауыр жазаны тілеп алып отырсың. Мына бір мысалдағы батырға ұқсайсың: Бір жолаушы күннің жарығынан қашып көзін жүмады. Қиялдап, қияли жарқырауық қоңызы тәрізді басындағы шамның жарығымен қараңғы жолды жарық қылғысы келеді. Уәде берген екен әрине, орындайды. Алайда орындау оған өте оңай. Біздер және барлық жаратылыс атаулыға және оған, Оның салтанаты өте қажет. Демек, бір Махкеме-и Күбра және үлкен бақыт бар.
ТОҒЫЗЫНШЫ СУРЕТ:
Енді мынаған зер сал. Мына ұйымдар мен жамағаттардың басшыларында (Сілтеме)(4) тікелей Патшамен сөйлесе алатын телефондары бар.
----------------------------------------------------------------------------------(4)(Сілтеме): -Бул суреттегі дәлелденген мағыналар └Сегізінші ақиқатта" анықталады. Мысалдағы басшы деп отырғаны; Пайғамбарлар мен Әулиелер. Ал телефондар болса уаhилерді қабылдаушы жүректерден шыққан Илаhи байланыс. Журек, ол телефонның (трубкасы)қүлағы тәрізді.