ОНЫНШЫ СУРЕТ:
Кел, бүгін наурыз мейрамы. (Сілтеме)(5) Үлкен төңкерістер болып, таңғажайып істер жасамақ. Көктемнің мына уылжыған күнінде, жасыл желекті далаға серуенге шығайық. Міне қара! Халық та осы жаққа келе жатыр. Бір сиқыр бар. Әнебір үйлер бірден тас-талқаны шықты. Басқа түрге ене қойды. Зер сал, мүғжизе бар. Әлгі тас-талқаны шыққан үйлер; кенет бұл жерге қайта салынды. Бейне бір мына ен дала мәдени қалаға айналды. Қарашы! Кино перделері секілді әр сағатта әр түрлі әлем көрсетеді. Басқа бейнеге ене қояды. Көңіл бөліп қарасаң осынша аралас, тез, көптеген нақты перделерде неткен керемет тәртіп бар. Барлық нәрсе орынды орнына қойылуда. Қиялымыздағы кино кадрлары да осынша керемет бола алмайды. Миллиондаған сиқыршылар жиналса да мынадай өнер көрсете алмайды. Демек, бізге көрінбей тұрған әлгі патшаның өте күшті мүғжизелері бар.
---------------------------------------------------------------(5)(Сілтеме): Бул суреттің сілтемесін ⌠Тоғызыншы ақиқатта■ көресің. Мәселен: Наурыз күні, көктем маусымын білдіреді. Қулпырған жасыл алқап болса; көктем айларындағы жер жүзі. Ал өзгеріп отыратын перделер мен көріністер болса; ерте көктемнен бастап жаздың аяғына дейінгі Сани-и Қадир-и Зүлжелалдың, Фатыр-ы Хаким-и Зүлжелалдың Қүдіретімен жүйелі түрде өзгеріп отырған асқан мейірімімен жаңартып, бірінен соң бірін жіберіп тырған көктемдегі мақүлықтардың түрлеріне, жаздық шығарма туындылардың тайпаларына және хайуанат пен адамзатқа жіберіп отырған азық, тағамдарға ишарет.