ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 19
(1-148)

Ал, жасалып жатқан әділ де мейрімді істердің иесін, Астапыраллаh, артист залым деп білуіміз керек, Құдай сақтасын. Ал бұл дегенің ақиқаттардың теріс айналуы. Алайда, ойшылдардың бірлеьз қабылдағанындай, ақиқаттардың теріс айналуы мүмкін емес, әрі қисынсыз. Айта кететін жағдай: болмыс атаулыны жоққа шығаратын скептиктер дейтін ақымақтар ақыл иесіне жатпайды.

Демек, бул жерден басқа бір жер бар. Ол жерде бір └Махкеме-и Күбра" бар. Жоғары дәрежелі сыйға бөлеу мен жазаға тарту орны бар. Мақсат; әлгіндей мәрхамет, хикмет пен инает және әділет толық көрінсін.

ОН ЕКІНШІ СУРЕТ:

Ал енді кері қайтамыз. Мына жамағаттардың басшыларымен кездесіп, қалай жабдықталған екен соған қарайық. Мына жабдықтау; тек қана сол алаңдағы аз ғана өмір үшін берілген бе? Әлде басқа жерде бақытты да ұзақ емірді иелену үшін берілген бе? Көрейік. Барлығына, әрбір жабдықтауларға қарап шығу мүмкін емес. Бірақ, өрнек ретінде мына басшының куәлігіне, дәптеріне қарайық. Бул куәлікте оның шені, айлығы, міндеті, талап-тілектері мен әрекет ету ережелері жазылған.

Дыбыс жоқ