Үлы хабарда басылған мөрдің жалған әрі жасанды еместігін сен де көріп түрсың. Сен сияқты нақұрыстардан басқалардың бәрі ол хабардың патшадан келгендігін біледі. Сен секілді соқырлардан басқалар Явер-и Әкрәмнің патшаның хабарын жеткізуші шабарман екенін толық түсінеді. Апырым-ай, Явер-и Әкрәмнің Үлы хабармен бірге бар күшін салып, жеткізуге тырысқан қоныс аудару мәселесін жоққа шығару мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес. Жоққа шығару үшін көрген нәрсеміздің бәрін жоққа шығаруымыз керек.
Ал достым! Сөз сенде, бұған не дейсің?
Мен не дейін. Буған қарсы не айтуға болады. Тапа-талтүсте Күнді жоққа шығаруға бола ма? Әлхамдүлиллаh... Жүз мың шүкір. Нәпсі мен әуесқойлыққа тұтқын болудан құтылдым. Зынданнан да құтылдым. Мына қонақжәйдан басқа бақыт жері, жақынында шаттық сарайы бар екендігіне кәміл сендім. Біз де ол жаққа шақырулымыз.
Міне, хашир мен ахиретті мегзейтін, сол жәйіндағы └он екі сурет" осымен аяқталды. Енді Аллаhтың таупықымен ұлы ақиқаттарға көшеміз. Өткен "Он екі суретке" қатысты "Он екі ақиқат" және "Кіріспе" баяндаймыз.