Мәселен, бір кітап болса, бірақ қарапайым емес. Керемет кітап. Әр сөзінің үстіне ұсақ қаламмен бір кітап жазылған. Әр бір әрпіне майда қаламмен тыянақты түрде бір өлең жазылған. Кереметтігі сондай, жазушысының болмауы әсте мүмкін емес. Сол сияқты, мына әлемнің суретшісінің болмауы ақылға сыйымсыз, әсте мүмкін емес әрі қисынсыз. Неге десеңіз, бұл әлем бір кітап тәрізді. Кітап болғанда қандай кітап десеңізші! Әр бір парағында көптеген кітаптар жазылған. Тіпті әр сөзінде бір кітап бар. Әріптерінің әр қайсысында бір өлең бар. Жер жүзі≈ бір парақ, онда қаншама кітап бар десеңізші! Ағаш ≈бір сөз. Ішінде қаншама парақ бар десеңізші! Бір түйір жеміс≈бір әріп, бір түйір дән≈бір нүкте. Нүкте болғанда қандай нүкте, ішінде зәулім ағаштың програмасы, мазмуны бар.
Міне, мұндай бір кітап; Жәлал мен Жәмал қасиеттеріне ие, асқан қүдрет пен хикмет иесі Зат-ы Зүлжәлалдың құдрет қаламының ғана нақышы болуы мүмкін. Демек, әлемді көре тұра иманға келмеу мүмкін емес. Құдайдан беземін деп мәңгүрт болғандар, тақырыптан тыс.