Егер ол қызметші болмаса, онда оның ішінде өсімдіктер мен ағаштардың санындай мағынауи құрал-жабдықтармен, қондырғыштар болуы тиіс. Және олардың барлық қүрылысын білетін, жасайтын, оларға кигізілген бейнелерді білетін, әшекейлейтін өнер мен құдіреті болуы керек. Будан басқа жаратылыс атаулыны да салыстырып көр. Сонда, барлық нәрсе де ап-анық Уахданиеттің қыруар дәлелдері бар екенін аңғарасың. Иә, бір нәрседен барлық нәрсені жасау, барлық нәрсені бір ғана нәрсе жасау, барлық нәрсені жасай алушыға ғана тән қасиет. деген атақты бұйрыққа зер сал. Демек, Уахид-ы Әхадты жоққа шығарудың салдарынан қанша болмыс атаулы болса, сонша илаhтарды, құдайларды мойындауға тура келеді.
ЕКІНШІ ИШАРЕТ:
Хикаяда бір Явер-і Әкрем дегеннен әңгіме қозғалды. Онда былай делінген болатын: Көзі бар адам оның нышандарын көріп, ол кісі патшаның әмірімен жүретінін әрі оның өзіндік жеке құлы екенін түсінеді.