ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 28
(1-148)

Міне, ол Явер-і Әкрем дегені, Расул-ы Әкрем болып табылады (С.Р.С.). Рас, муншама әсем бір әлемнің, сондай бір қасиетті Үстасына осындай бір Расул-ы Әкрем, күн қалай сәуле шашпай тұра алмайтын болса, солайша ол да керек-ақ. Себебі: Күннің сәуле шашпауы әсте мүмкін емес. Дәл сол сияқты Улухиеттің де Пайғамбар жіберіп, өзін көрсетпеуі әсте мүмкін емес.

Һәм, шексіз бір жәмал; өзін көрсетуші, таныстырушы арқылы көрінгісі келмеуі әсте мүмкін бе?

Һәм, өте жәмал әрі асқан шеберлік; назарларды оған аударушы бір делдал арқылы көрмеге шыққысы келмеуі, көрінуді қаламауы әсте мүмкін бе? Һәм, жаппай Рубубиеттің ұшы-қиырсыз салтанаты; жалпыға ортақ әрі жеке түрде өзінің Уахданиет және Самеданиетін; қос қанатты өкіл арқылы жар салынуын қаламауы мүмкін бе? Яғни Ол өкіл, өзінің ауқымды құлдығы жағымен кесрет қабатының Иләhи елшісі болуымен қатар қурбиет (жақындық) әрі елшілік жағымен де кесрет қабатының Иләhи жауапты қызметкері болып табылады.

Дыбыс жоқ