ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 29
(1-148)

Һәм, шексіз дәрежедегі әсемдік атаулынын иесі, өзінің жәмалының әсемдіктерін, көркінің нәзік жақтарын көргісі, көрсеткісі келмеуі әсте мүмкін бе? Яғни, сондай бір сүйікті расул арқылы көрінбеуі мүмкін бе? Ал, ол расул hәм сүйкімді, hәм өзін құлдығымен сүйсіндіреді, айна қызметін атқарады. Һәм бір жағынан расул Оны мақұлықтарға сүйгізеді. Оның әсем есімдерін көрсетеді.

Һәм, таңғажайып мүғжизелер және ғажап әрі құнды нәрселерге толы қазыналардың иесі; өзі ғауhаршы, әрі хабаршы бірісі арқылы халықтың назарына усыну жайып салу арқылы өзінің құпия әсемдіктерін баяндағысы келмеуі, қаламауы әсте мүмкін бе?

Һәм, бул әлемді өзінің есімдерінің абырой даңқын білдіретін туындылармен әшекейлеп, тамашалау үшін таңғажайып, нәзік шебер өнерлерімен безендірілген бір сарайға ұқсатып, оған бір таныстырушы мұғалім тағайындамауы әсте мүмкін бе?

Һәм, бұл әлемнің иесі, мына әлемнің құбылысындағы мақсат пен мурат не екенін хабаршы арқылы білдірмеуі және құпия сырын, hәм болмыс атаулының └Қайдан, Қайда, Кімсің" деген үш мүшкіл сауалының жауабын бір елші арқылы бермеуі әсте мүмкін бе?

Дыбыс жоқ