ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 31
(1-148)

Иө, шыншылдардың бірлесе мақулдағанына сүйене отырып, шаққы Қамәр және саусақтарынан су ағуы сияқты мыңдаған мүғжизелермен және қисапсыз пайғамбарлығын растайтын дәлелдерден басқа Құран-ы Азимушшан секілді ақиқат теңізі, қырық жағынан мүғжизе болған әлгі мүғжизелердің мүғжизесі, оның пайғамбар екендігін ап-анық көрсетуге толық жетеді. Басқа еңбектерімде, әсіресе "Жиырма бесінші Сөзде" Құраннын қырыққа жақын ижаз жақтары баяндалған болатын. Соған сілтеп бул жерде қысқартып отырмыз.

ҮШІНШІ ИШАРЕТ:

Бұл алып дүние оның іс-әрекеттерін сұраққа тарту үшін жабылып, басқа бір әлем ашылатындай, мына кіп-кішкене адамның қандай маңызы бар?-деген ой келмесін. Себебі: Мына кіп-кішкене адам, жаратылысының ауқымды күрделілігімен бұл болмыс атаулының басұстасы, Илахи Салтанаттың жаршысы, ауқымды құлдык, жасай алатындықтан маңызды ролі бар. Қып-қысқа өмірде қалайша мәңгі азап шегуге лайық болады деген ой тағы келмесін. Өйткені, күфүр мына Самедани хаттар дәрежесіндегі және құндылығындағы әлемді мағынасыз, себепсіз,жәй бір сатыға түсіргендіктен, бір жағынан бүкіл әлемнің намысын таптау,

Дыбыс жоқ