ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 33
(1-148)

БІРІНШІ АҚИҚАТ:

Рабби есімінің шағылысы болған Салтанат пен Рубубиет кақпасы.

Рубубиеттің ісімен Улухиеттің салтанаты, әсіресе мына сияқты әлемді өзінің кемелдіктерін көрсету үшін, өте жоғары мақсаттар, жоғары талаптар қойып жаратып; Оның талап-тілектеріне орай, иман және құлдық ету арқылы әрекет еткен мү’миндерге сый-сыяпаты болмауы, ал ол мақсаттарға қарсы шығып, беделін түсірген әхли далалетке жазасы болмауы әсте мүмкін бе?

ЕКІНШІ АҚИҚАТ:

Керем мен Рақымдылық есімдерінің шағылысуы Рахмет пен Керем қақпасы болып табылады.

Жаратқан туындыларымен шексіз жомарт, орасан рахмет және асқан абырой, соңсыз қайрат иесі болған мына әлемнің Раббы, жомарттығы мен рахметіне лайық сыяпат, абырой мен қайратына сәйкес жаза бермеуі әсте мүмкін емес.

Дыбыс жоқ