ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 32
(1-148)

бір жағынан осы болмыс атаулыда шағылыстары мен нақыштары көрінген барлық Илахи қасиетті есімдерді жоққа шығарып, мойындамау, сондай-ақ, Аллаhу Тағаланың хақтығы мен турашылдығын көрсететін шексіз күллі дәлелдерін бекерге шығару болғандықтан, соңсыз ауыр қылмыс болып саналады. Соңсыз ауыр қылмысқа соңсыз азап тиісті.

ТӨРТШШІ ИШАРЕТ:

Жоғарыдағы хикаяда, аты шулы бір патшаның әсем де уақытша құрылған қонақжәйі сияқты бір елі болсын да, тұрақты және айбындылығына сай, Үлы салтанатына сәйкес басқа бір мәңгілік елі болмауы мүмкін еместігін он екі сурет арқылы көрдік. Сол сияқты мына фәни әлемнің мәңгі Халиқы, мұны жаратсын да, мәңгі бақи бір әлемді жаратпауы әсте мүмкін бе? Һәм, мына көркем әрі баянсыз әлемнің мәңгілік Саниы мұны жаратып, ал басқа тұрақты да әрдайымғы бір әлемді жаратпауы мүмкін емес. Көрме және өмтихан алаңы және егіс алқабы тәріздес мына дүниенің Хаким, Қадир, Рахим болған Фатыры, оны жаратып, ал оның көздеген барлық мақсаттарына сәйкес ахирет мекенін жаратпауы мүмкін емес. Бұл ақиқатқа └Он екі қақпа" арқылы кіріледі. Ол қақпалар └Он екі ақиқат" арқылы ашылады. Ең қысқа әрі қарапайымынан бастаймыз,

Дыбыс жоқ