Иә, мына дүниенің судай аққан құбылысына көз тастап көрейікші: өте әлсіз, тым дәрменсізден бастап (Сілтеме)(6) сонау ең күшті қуаттыға дейін әрбір жан-жануарға лайық ризық берілуде.
Ең әлсіз, өте дәрменсізге ең күшті азық берілуде. hәр мақұлыққа күтпеген жерден дәрмен жеткізуде. Өте қайырымды, жомарт сый-сыяпат, жарылқаулар жасалатыны сондай, аса жомарт бір қолдың атқарғандығын анық түрде көрсетеді.
Мәселен, көктем кезінде жәннәт хор қыздары тәрізді ағаштарға жібектей көйлектер кигізіп, гүл-шешек, жемістерді әшекейлермен безендіріп, қызметші жасап, олардың нәзік қолдары-бүтақтарымен сан-алуан дәмді әрі шебер жасалған жемістерін бізге ұсыну.
--------------------------------------------(6)(Сілтеме): *Адал азық, кушпен келмейтініне, керісінше қажеттілік салдарынан берілетініне, бултартпас дәлел мынау: Әлсіз сәбилердің керемет қоректенуі, hәм ақымақ аңқау балықтардың семіз келетіні, ал зерек, қу түлкі мен маймылдардың пішіні күн көрудің қамын жеп арық келетіні. Демек азық, күш және ерікпен кері пропорционал. Негурлым өзінің күш-қуатына, еркіне сүйенсе, согүрлым қоректенудің қамын жейді, қиындық көреді.