Бұл әлемнің билеушісінің мұнша шексіз жомарттығы, мұнша соңсыз рахметі, мұнша ұшан-теңіз жәлал мен абыройы бар екені рас болса, онда әлгі ұшан-теңіз жәлал мен абырой, әдепсіздердің тәртіпке салынуын қалайды. Ал, шексіз жомарттық болса, шексіз сыйға бөлеуді қалайды. Үшы қиырсыз рахмет болса, өзіне лайық жарылқау болғанын қалайды. Алайда мына фәни дүниеге, қысқа өмірге, олардың теңізден бір тамшы сияқты миллионнан бір ғана мөлшері сыйып, шағылысуда. Демек, ол асқан жомарттыққа, сол рахметке,сәйкес бір бақыт жері ашылады. Әйтпесе, әлемді жарыққа бөлеп тұрған Күнді жоққа шығаруға тура келеді. Өйткені, қайтып келмеске қоштасу мейрімділікті қайғыға, сүйіспеншілікті өкінішке, нығметті ауыр азапқа, ал ақылды мазалаушы аспапқа, ләззатты уайымға айналдырып жібереді. Осылайша рахмет ақиқатының өшіп қалуы керек. Һәм әлгі Жәлал мен Иззетке сай жазалау орны ашылады. Өйткені, көбінесе залым абыроймен, жәбірленуші қорлықпен бұл жерден көшіп барады. Демек, бұл істер Махкеме-и Күбраға қалып, кейінге қалдырылып жатыр. Әйтпесе қараусыз қалып жатқан жоқ. Кейде дүниенің өзінде жазаға тартылады. Өткен ғасырларда із қалдырған, қыршын да қырсық қауымдардың бастарына келген азаптар, адам баласының бостан еместігін, әрдайым жәлал мен қайраттың соқпағына ушырап отыратынын көрсетеді. Адамның болмыс атаулыдан салыстырғанда маңызда міндеті, күрделі бейімділігі болып, және оның Раббы оған мұншама керемет туындыларымен өзін таныттырса, жауап ретінде адам иман етіп, оны танымаса...