ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 38
(1-148)

хикметі мен әділдігіне иман арқылы, құлдық ұру арқылы орынды әрекет жасаған мү’миндерді қуанышқа бөлемеуі, еркелетпеуі әсте мүкін бе? (Сілтеме)(8) Сондай-ақ, әлгі хикмет пен әділдікке, күпірлік пен азғындық арқылы қарсы шыққан әдепсіздерді тәртіпке салмауы әсте мүмкін бе? Алайда, мына баянсыз дүниеде, адамдар арасында ол хикмет пен әділетке лайық істердің мыңнан бірі іске асып отырған жоқ, кейінге қалуда. Әхли далалеттің көбі, жазаға тартылмай, әхли хидаеттің көбі ақысын алмастан бұл жерден көшіп барады. Демек, бір Махкеме-и Күбраға, сөз жетпес басқа бақыт жеріне қалуда.

------------------------------------------------------------

(8)(Сілтеме): Рас,осы бір "әсте мүмкін бе?" сөзі көп қайталанып отыр. Неге десеңіздер, маңызды сыры бар. Жалпы күпір мен далалет көбінесе истиб’адтан келеді. Яғни, ақылға сыйьшсыз, жөнсіздік деп, жоққа шығарады. Міне, осы хашир кітабында нағыз жөнсіздік, тура бекершілік, ақылға сыймастық пен қисынсыздық, тіпті түғырыққа тірейтін мүшкілдер, күпірліктің дәл өзінде екендігін, ал нағыз мүмкіндік, тура қисын, тіпті сөзсіз жеңілдік; имандылық пен Исләмиеттің кең арнасында.

Дыбыс жоқ