ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 39
(1-148)

Сонымен әхли пәлсәпә истиб’ад етіп Қүдайдан безеді. Бүл кітап истиб’ кімнің тарапында екенін сол сөзбен көрсетеді. Олардың ауыздарына қум қүяды.

Иә, мына әлемнің билеушісі, шексіз хикметпен іс атқарғаны көрініп тұр. Айғақ керек деймісің? Барлық нәрсе де бір пайда, бір себеп бар. Өзің де білесің, адамның барлық мүшелерінде, сүйектер мен тамырларында, тіпті денедегі клеткаларда, барлық жерде, түкпір-түкпірінде пайдалар мен хикметтер бар. Тіпті кейбір мүше, ағаш тәрізді, ағашта қанша жемістер болса, әлгі мүшеге де сонша хикметтер мен пайдалар жаратуы; асқан хикметті бір қол жасаранын көрсетеді. Сондай-ақ, барлық нәрсенің жасалуындағы өнерде шексіз түрде реттіліктің болуы; шексіз бір хикметті іс атқарылғанын көсетеді.

Иә, әдемі бір гүлдің шебер программасын кіп-кішкене тұқымда орналастыру; зәулім ағаштың амал дәптерін, өмірбаянын, жиhаздар тізімін кіп-кішкене дәнінде мағынауи тағдыр қаламымен жазу; міне бүлар, шексіз хикметті бір қаламның іс атқарғанын көрсетеді.

Дыбыс жоқ