ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 26
(1-148)

Һәм, мәселен, ашық аспанда жарқырап Күн тұр. Оның теңіз бетінде және барлық көпіршіктерде әрі жер бетіндегі жалтырақ нәрселерде, сондай-ақ ақша қардың бетінде сәулесі көрініп, шағылыса жарқыраған сәтте Күнді жоққа шығару қаншалықты ақымақтық, ақылсыздык, десеңізші. Себебі, ондай жағдайда бір ғана Күнді жоққа шығару мен мойындамау салдарынан тамшылар, көпіршіктер, қар түйіршіктерінің санындай кішкентай нағыз күндердің бар екендігін мойындауы қажет. Әр бөлшекте, бір атом әрең сыятын әрбір бөлшекте, алып Күннің ақиқатының бар екендігін мойындауға мәжбүр болатыны сияқты, кезекпен, әрдайым хикметті түрде құбылған, жүйелі түрде өзгеріп, жаңарып отырған мына әсем бір әлемді көре тұра, Халиқ-ы Зүлжәләлды әсем ерекшеліктерімен, толық сипаттарымен мойындамау, бекерге шығару әлгіндегіден бетер далалет, ақымақтық, барып тұрған есуастық. Өйткені, кез келген нәрседе тіпті әрбір бөлшекте Улухиеті Мутлақа бар екенін мойындауы тиіс. Неге десеңіз, ауаның әрбір бөлшегі, әр гүл мен жемістерге, әрбір жапыраққа сіңіп, кіріп жұмыс атқарады. Міне, бұл бөлшек, қызметші болмаса, кіріп жұмыс атқара алатын туындылардың құрылыс бейнелерін, суреттерін, құрамын білуі тиіс. Сонда ғана іс атқара алады. Демек, мұндай іс атқару үшін теңіздей білімі, асқан құдіреті болуы қажет. Мәселен, топырақтың әрбір бөлшегі барлық дәнді дақылдар мен тұқымдарға бастау, қайнар көзі бола алады.

Дыбыс жоқ