Егер мұны жоққа шығарсаң, барлық басшылардағы куәліктерді, дәптерлерді, құрал жабдықтарды, ережелерді, тіпті мемлекеттегі барлық тәртіпті тіпті үкіметті жоққа шығаруға тура келеді. Барлық істерді өтірікке шығару керек. Ол кезде саған ақыл иесі, саналы деуге болмайды. Скептиктерден де бетер ақымақ боласың.
Мемлекеттің орын алмасуы осы └он екі суреттегілер" мен бітті деп ойлама. Есепсіз дәлелдері бар. Мына тұрақсыз мемлекет; мәңгі, соңсыз мемлекетке айналады. Тұрғындардың бұл қонақ үйден көшіп салтанат орталығына жайғасатынына сансыз дәлел мен нышандар бар.
Бұл он екі суреттен де қуатты айғақ көрсетейін.
Қара, мына ұзақта көрінген жамағаттың ішінде ең баста аралда көрген үлкен нышан иесі Явер-и Әкрем сөз сөйлеуде. Барып соны тыңдайық. Ол Явер-и Әкрем жоғарыда ілулі ұлы хабарды халыққа жеткізуде. Онда былай делінген:
⌠Дайындалыңдар! Басқа мәңгі мемлекетке барасыңдар. Мемлекет болғанда қандай, оның қасында бүл жер, зындан тәрізді. Патшамыздың Салтанат Сарайына барып мейріміне, игілігіне бөленесіз. Әрине егер әлгі хабарларды ден қойып тыңдасаңдар. Ал, қарсы шығып, бас көтеретін болсаңдар, зынданға қамаласыңдар.■