ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 18
(1-148)

ОН БІРІНШІ СУРЕТ:

Кел, әй қасарысқан достым! Батыс пен шығысқа, яғни өткен шақ пен болашаққа апаратын ушаққа немесе отарбаға мінейік. Мына мүғжизеші тулғаның басқа жерлерде қандай мүғжизелер жасағандығын көрейік. Міне, қара! Куә болған алаңдар мен көрмелер сияқты ғажайыптар барлық жерде бар.Тек өнер тұрғысынан, пішіні жағынан бір-бірінен өзгеше. Ал, сен мынаған жақсылап назар аудар: әлгі тұрақсыз мекен-жайлар мен өткінші алаңдарда, әлгі баянсыз көрмелерде қаншалықты ашык, хикметтің тәртібі, қаншалықты жақсылықтың белгісі, өте жоғары әділеттің нышаны, қаншалықты мол мәрхаметтің жемістері бар екендігі көрінеді десеңізші! Оның хикметінен асқан хикмет, оның инаетінен өткен инает, оның мәрхаметінен күшті мәрхамет, оның әділетінен жоғары әділет болуы мүмкін еместігін, ақылға да келмейтінін соқыр емес көреді. Сонда да болса, сенің ойлағаныңдай оның мемлекетінде тұрақты мекендер, мәңгі жерлер, баянды мақамдар, отырықшы халық, бақытты мойынсұнушылары жоқ деп қараса; Мына хикмет, инает, мәрхамет және әділеттің ақиқаттарына мына жалған мемлекет лайық бола алмайтыны мәлім. Және оларға лайық болатын басқа жерде де болмайтын болса, ол кезде тал түсте Күн сәулесін көре тұра, Күнді жоққа шығару сияқты ақымақтық жасап, көз алдымыздағы хикметті жоққа шығаруға, өзіміз көріп отырған инаетті бекерге шығаруға, көріп жүрген мәрхаметті өтірікке шығаруға, мына толып жатқан нышандарды, ишареттерді, көрініп тұрған әділетті жоққа шығаруға тура келеді.

Дыбыс жоқ