Қара, оның шені бірнеше күндік емес, өте ұзақ мерзім үшін берілген. "Айлығыңды пәлен кезден бастап қазынадан аласың" деген уәделі жазу бар. Ал, ол уәделі мерзім болса; ұзақ уақыттан соң, бул алаң жабылғаннан кейін келеді. Мына атқарар міндеті болса; мына уақытша алаң үшін емес, патшаның өзіне жақын жерінде, мәңгі бақытты иелену үшін берілген. Одан талап етілген нәрселер болса; мына бірнеше күндік қонақүйде күн көру үшін болуы мүмкін емес. Олар; ұзақ әрі бақытты өмір үшін беріледі. Демек, куәлік иесі басқа жерге шақырулы, басқа әлем үшін жұмыс істеуде. Мына ережелер соны көрсетеді. Міне, мына дәптерлерде құрал жабдықтардың пайдалану жолдары, жауапкершілігі көрсетілген. Егер басқа бір мәңгілік жері болмаса, мына дәптерлер мен куәліктер түкке қажетсіз болар еді. Әрі мына қадірлі басшы; бәрінен де бейшара, пақыр, әлсіз дәрежеге түсер еді. Осыған қарап салыстыр.
Байқап отырғаныңдай, қай нәрсені алсаң; бұл фәниден кейін, мәңгілік бар екеніне шәhәдат етеді.
Әй, достым! Демек, бұл уақытша мемлекет бір егістік. Тәлім жері әрі базар. Әлбетте бұдан кейін бір Махкеме-и Күбра, Үлы бақыт орнайды.