Олардың кейбіреуі Патшаның Хұзырына шыққан. Олар не дейді құлақ берейік. Олар бірауыздан былай дейді: Ол; сый-құрметтер мен жаза беру үшін әрі көркем, әрі қорқынышты бір жер дайындаған. Орасан зор уәде беріп, қатаң да қаhарлы ескертулер жасауда. Әрі оның абыройы мен айбындылығы қай жағынан алсаң да уәдеден таюға жол бермейді. Ана хабаршылар болса бір ауыздан бірін-бірі қуаттай отырып мынаны хабар беруде: Кейбір нышандары көрінген мына үлкен салтанаттың негізгі орталығы, бұл жерден ұзақ басқа мемлекетте. Сондай-ақ мына емтихан алаңындағы үйлер уақытша нәрселер. Кейін тұрақты сарайларға өзгеретін болады. Бұл жерлер орын ауыстыратын болады. Себебі, шығармаларынан ұлылығы білініп тұрған мына зәулім мәңгілік салтанат; мынадай өткінші, жалған, түрақсыз, түкке тұрғысыз, қубылмалы, баянсыз, шолақ істер үшін болуы мүмкін емес. Демек оған лайық, мәңгі де тұрақты істер үшін қурылған. Демек, басқа бір ел бар; әлбетте сол орталыққа орналасатын болады.