Демек, Патша қол астындағы мемлекетте жасалып жатқан іс-әрекеттердің барлығын тіркеп, жазып отыруға әмір берген. Олай болса оның көзінен еш нәрсе таса қалмайды. Міне, осыншама мүқият тіркеу, жазып отыру, әлбетте сұраққа тарту үшін. Олай болса ең төменгі дәрежедегі тұрғынның болмашы іс-әрекетін көзден таса қылмай отырған Хаким-ы Зүлжәлалдің тұрғындар ішінде ең жоғарғы дәрежедегілердің ең үлкен іс-әрекеттерін есепке алмай, сый-құрмет немесе жазаламауы мүмкін бола қояр ма? Ол патшаның абырой мен намысына тиіп, қамқорлығының қабыл ете алмайтын сойқандықтарды, әлгі жоғарғы дәрежедегілер жасауда. Бұл жерде жазаға тартылып жатқан жоқ.
Демек, Махкеме-и Күбраға қалып жатыр.
СЕГІЗІНШІ СУРЕТ:
Кел, саған әлгі патшадан келген хабарды оқып берейін. Қулақ сал, Ол уәде беруде әрі қатаң ескерту жасауда. Сендерді ол жерден алып, Салтанат сарайымның орталығына әкелемін. Маған тәуелді болып заңдарымды орындағандарды бақытқа бөлеймін. Қарсы шығып бас көтергендерді зынданға қамап тастаймын. Ал ана уақытша жердің тас-талқанын шығарамын. Мәңгі зәулім сарайлары мен зындандары бар басқа мемлекет құрамын.