ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 10
(1-148)
АЛТЫНШЫ СУРЕТ:
Енді мыналарға зер сал: Мына поездар, ұшақтар, қоймалар, жаймалар мен жабдықтаулар перденің арғы жағында кереметтей патша салтанатының бар екендігін көрсетеді. (Сілтеме)(2)
----------------------------------------------------(2)(Сілтеме):Мәселен: қазіргі заманда әскери жаттығуларда Қарулан, сүңгі тақ!" әмірімен үлкен әскери бөлім найзалы ормандай бола қалатыны секілді. Әр мейрам күндерінде парадқа шығушы әскерлардің "Формаларыңызды киіңіз, қару жарақтарыңызды алыңыз!" әмірімен горнизондағылар түрлі түсті шешек атқан әсем бақтарға үқсап қалатынындай-ақ, жер жүзінің майданында Султан-ы Эзәлидің шексіз әскерлері; періште, жын және адамзат пен хайуанат сияқты тіпті санасыз өсімдіктерде өмір үшін жасаған жиhадтарында كُنْ فَيَكُونُ эмірімен "Қорғану үшін қару-жарақтарыңызды алыңыз"-деген Аллаhтың әмірін алған кездерінде; жер жүзіндегі барлық тікенді өсімдіктер, тікендерін таққан кездерінде, манағы сүңгілерін тағып әзір турған әскерлерге уқсап қалады. Әрі көктемнің әр күні, әр аптасы, әр түрлі өсімдік тайпасының мейрамы секілді болғандықтан, әр бір тайпа өз Султанының ол тайпаға тарту етіп таққан нышандарын тағып Султан-ы Әзәлидің алдынан өтіп эскери парад жасайды. Бүкіл өсімдік атаулы мен ағаштар және гүлдер мен жемістер нышандарыңызды тағыңыз, шешек ашыңыз деген Раббани әмірлерді тыңдағандықтан, жер жүзі қулпырып, әскери формалары мен әскери нышандарын тағып парадқа шыққан әскерлерді еске түсіреді.
Дыбыс жоқ