ТӨРТІНШІСУРЕТ:
Жақсылап зер сал. Мына жаймадағы сансыз жауhарлар мен дастархандағы сансыз тағамдар, бұл жердің патшасының аса жомарт, байлығының шегі жоқ екендігін көрсетеді. Ал мұндай жомарттық пен шексіз байлық, барлық нәрселерге толы дастархан мәңгілікке жиналмай, келушілердің де үзілмегенін қалайды. Таусылып біту мен көз жазып, бөлек қалуды әсте қаламайды. Себебі, қайғы-қиыншылықтың бітуі ләззәт болғанындай, ләззәттің бітуі, таусылуы да қайғы-қасірет. Жаймаларға назар сал. Мына жарлықтар мен хабарландыруларға көңіл бөліп қара. Патшаның ғажайып өнер туындыларын жаймаға шығарып, әлемге жар салушы делдалдардың сөздеріне құлақ түр. Мағынауи кемелдігін көрсетіп, теңдесі жок, сұлулығын паш етуде. Жасырын сұлулығының жұмақтай әсемдігінен хабар беруде. Демек, оның аса таңқаларлық кемелдігі, мағынауи сұлулығы бар. Жасырын да кемшіліксіз кемелдік болса, қадір қасиетін біліп, сұлулығын танып └Машаллаh" деп куә болушыларға сырын ашқысы келеді. Жасырын, теңдесі жоқ сұлулық болса, көрінгісі және көргісі келеді. Яғни өз сұлулығын екі жақты көргісі келеді. Біріншісі; көптеген айналардан өзін көргісі келеді. Екіншісі; сулулығын танып, оны көруге құштар көрермендерге көріну арқылы өз сұлулығын көру. Әрі көргісі, әрі көрінгісі келеді, hәм мәңгі көрінгісі, hәм көргісі келеді. Ондай сұлулық, оны көріп таң қалушылардың да тоқтаусыз болғанын қалайды. Себебі, мәқгі сұлулық өткінші махаббатқа разы бола алмайды. Себебі, еш уақыт қайта оралмайтындай тұқғыйыққа айдауға кетіп бара жатқан жанның махаббаты дұшпандыққа айналады. Махаббаты мен қурметі тас-талқан болады. Себебі, адам баласы қолы жете алмаған, біле алмаған нәрселерге дұшпан келеді.