Әлбетте Қадир-ы Мутлақтың өзіндік, әрі шексіз өте камалда болған қудіретінің жарқын шағылысы, әсері және нәрсенің мелекутиетінің мөлдірлігі сондай-ақ, хикмет пен тағдырдын жинақтылығы (интизам) және заттардың тәкуин әмірлеріне толық түрде мойынсұнулары және мүмкіндіктің бар болу мен жоқ болу тепе-теңдігінен тұратын болуындағы тепе-теңдік сыры арқылы: аз-көп, үлкен-кіші Оған бірдей болған сияқты, бүкіл адамдарды бірғана адам секілді бір айқаймен хаширге әкеле алады.
hәм, әр нәрсенің қуаты мен әлсіздігінің дәрежелері оның ішінде терістіктіқ араласуынан. Мәселен: жылудың дәрежесі, суықтың араласуынан. Сұлулықтың дәрежесі, усқынсыздықтың арала-суынан, Жарықтың мәртебелері, қараңғының араласуынан. Алайда бір нәрсе өзіндік (зати) болса арызи болмаса(өткінші) оның терістігі оған араласуы мүмкін емес. Өйткені, терістіктердің жиынтығы туады. Бұлай болуы мүмкін емес. Демек асыл зати болған нәрседе дәреже болмайды. Олай болса, Қадир-ы Мутлақтың құдіреті зати. Мүмкіндіктер сияқты арызи емес, әрі сөзсіз кәмал болып табылады. Оның терісі болған әлсіздік болса, оған араласуы , қисынсыз. Сонымен, қорыта айтқанда, бір көктемді жарату Заты Зүлжәлалға бір гүл жаратумен бірдей, оп-оңай.