ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 90
(1-148)

Олар, бір жағынан Үстасын көрсететіні сияқты, бір жағынан хаширге ишарет етеді. Мысал ретінде: Адамның ахсән-і тақуим түріндегі керемет жаратылысы, Үстасын көрсететіні сияқты, өзі ахсән-і тақуим түріндегі күрделі қабілетті бола тұра қысқа мерзім ішінде көзден таса болуы Хаширді көрсетеді. Кейде, бір жақтан екі назармен қарасаң, hәм Үстасын hәм Хаширді көрсетеді. Мәселен; көз алдымыздағы көптеген жаратылыстарды хикметтің реттеуі, инаеттің әшекейлеуі, әділдіктің орын-орнына қоюы, рахметтің мәпелеуі; міне осылардың мәнісіне зер салса бір Сани-ы Хаким, Кәрим, Адил, Рахимның құдрет күшімен жасалғанын көрсететіні сияқты, олардың асқан қуаты мен шексіздіктерімен бірге оларға айна болып шағылысқан мына фәни болмыс атаулының қысқа мерзім тіршілік ететіне, мағынасыздығына назар аударылса ахиреттің ауылы көрінеді. Демек, барлық нәрсе өзіне тән хал тілімен: дейді әрі дегізеді.

Дыбыс жоқ