Сонымен, естеріңізде болар, тәмсіл хикаяда бір қызметкердің куәлігіне қарап, оның шені, міндеті, hәм айлығы, hәм әрекет үлгісі, hәм құрал-жабдықтары оның мына тұрақсыз жер үшін еместігін, турақты бір елге кететінін, сол үшін қызмет еткенін көрген болатынбыз. Дәл сол сияқты адамның жүрек қойнауындағы сезімдер, сана дәптеріндегі түйсіктер және бейімділігіндегі жиhаздар барлығы әрі бірауыздан мәңгі бақыт үшін, соған қарай берілген, соған қарай жабдықталғанына екендігіне зерттеушілер мен әулиелер бір ауыздан куәлік етуде.
Қорытынды. Мысалға; Сананың қызметшісі әрі суретшісі болып табылатын қиялдау қабілетіне былай деп сауал тастаса: "Саған бір миллион жыл өмір, әрі дүниенің салтанатын берсе, бірақ ақырында сөзсіз жоқ болып кететін боласың." Егер күмәндәну алдандырмаса, нәпсі араласпаса "мақул"деудің орнына "жоқ" деп өкінішпен жауап береді. Демек, ең үлкен фәни нәрсе, өте кішкентай бір сезімді және адамзаттың жиhаздарын қанағаттандыра алмайды. Міне осы бейімділіктің салдарынан адам баласының мәңгілікке деген армандары мен әлемді қамтып алған пікірлері және мәңгі бақыттың түрлеріне жайылған талап-тілектері мына адам баласының, мәңгілік үшін жаратылғанын, әрі мәңгілікке кететінін, бұл дүние оған қонақжай әрі ахиретке барар жолда бекет екендігін көрсетеді.