ОН ЕКІНШІ АҚИҚАТ:
"Бисмиллаhир рахмәнир рахим"нің шағылысы болған рисалет пен тәнзил қақпасы.
Барша пайғамбар мүғжизелеріне сүйене отырып қуаттап айтқан, барлық әулие кәшф пен керәмәттеріне сүйеніп растаған, бүкіл асфия зерттеулеріне сүйене отырып шындығында куәгер болған Ардақты Пайғамбарымыздың (Р.С.М) жасаған мың мүғжизесінің қуатына арқа сүйеп, әрі қырық жағынан мүғжизе болған Қасиетті Құран өзінің мыңдаған бұлтартпас аяттарына сүйене, шынайы түрде білдірген ахиреттің жолын, Жәннаттың қақпасын шыбынның қанатындай нәзік, негізсіз күмәндардың жауып тастауы әсте мүмкін бе?
Аталған ақиқаттарды қорытындылай келіп, хашир мәселесі өте анық ақиқат екендігін, оны жер шарын орнынан қозғап, күл талқанын шығаратын күш те қозғай алмайды дейміз. Өйткені, ол ақиқатты Аллаhу Тағаланың барлық есімдері мен сипаттарының қажеттілігіне орай бекітіп отыр, әрі Расул-ы Әкрамы барлық мүғжизелерімен, айғақтарымен растап отыр, Қасиетті Құран күллі ақиқаттарымен, аяттарымен дәлелдеп отыр, мына әлем тәкуин аяттарымен, хикмет толы құбылыстарымен шәhадат етуде.