Апырым-ай, Хашир тұрғысында Жаратқан Аллаhпен бірлесе барлық болмыс атаулы (кәпірлерден басқалары) шәhадат еткенде, негізі жоқ күмәндар, шәйтани күдіктер әлгі заңғар таудай шыңырау биік ақиқаттарды орнынан қозғап сілкуі әсте мүмкін бе? Жо-жоқ... мүлдем олай емес!
Ойлап қалма, Хаширдің дәлелдері осы аталған он екі ақиқат ғана екен деп. Жоқ, қайта Қасиетті Құран мына он екі ақиқатты дәріс бергені сияқты одан басқа мыңдаған жақтарына ишарет етеді. Әр бір ишарет, Жаратқан Иеміз бізді мына фәни жерден басқа бақи жерге көшіретін мегзейді.
hәм, ойлап қалма, Хаширді керектіретін Илаhи есімдер баяндалған (Хаким, Кәрим, Рахим, Адил, Хафиз) есімдерімен шектеліп қалады деп. Жоқ, керісінше әлемнің қозғалысында байқалатын Илаhи барлық есімдер, Ахиретті керетіреді, тіпті ауадай қажеттіреді.
Һәм, ойлап қалма, Хаширді дәлелдейтін әлемнің тәкуин аяттары, жоғарыда аталғандар ғана деп. Жоқ, олар көптеген болмыста кездесетін оңға солға ашыла беретін перделер тәрізді, қыр мен сырлары бар.