ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 92
(1-148)

hәм, └Шәффафиет сыры арқылы" (мөлдірлік) бір мөлдір бөлектің кішкене көзінің қарашығы Күн сәулесін шағылыстыруға келгенде, теңіздің ұлан-ғайыр бетімен теңдес.

hәм, └Интизам (реттілік) жинақылық сыры" арқылы бір бала саусағымен ойыншық кемесін қалай айналдырса әп-әйдік соғыс кемесін де солай айналдырады.

hәм, └Имтисал (тәуелділік) сыры арқылы бір қолбасшы бір жауынгерді бір └марш" бұйрығымен қозғалысқа түсіргені сияқты қалың әскерді де дәл сол сөзбен қозғалысқа ендіреді.

hәм, └Мувазене-тепе теңдік" сыры арқылы аспанда бір таразы елестетейік. Таразы өте нәзік, әрі үлкен таразының нәзіктігі сондай екі жағына екі жаңғақ қойса сезеді. Ал үлкендігі сондай бір басына күн сыйып кетеді. Әлгі екі басына қойылған екі жаңғақтың бірін көкке, бірін жерге басқан дәл сол қуатпен әлгі таразынық бастарына екі күн қойылса: бірін жоғары, бірін төмен көтеріп түсіреді. Демек мына қарапайым, нұқсаны көп, фәни мүмкіндік әлемінде нураниет, шәффафиет, интизам, имтисал және мувазене сырлары арқылы ең үлкен нәрсе, өте кіші нәрсеге теқ келеді. Шексіз, есеп-қисапсыз, сансыз нәрселер бірғана нәрсеге тең келеді.

Дыбыс жоқ