Бұл құбылыс: ұқсатып, еліктеу(имитация) және тәмсіл үшін ұйымдастырылғанға уқсайды. Мәселен, көп шығындар қаржыланып, ойындар, сахналар құрылады. Ондағы мақсат көріністер алынып, тіркелу үшін. Содан соң экранда ұзақ жылдар бойы көрсетіледі. Содан соң бұл дүниеде қысқа мерзім ішінде жеке өмір сүрудің, қоғамдық өмір сүрудің бір мақсаты, көріністер алынып тізіліп қою. Іс-әрекеттерінің нәтижелері алынып сақталып қалсын. Не үшін? Үлы жиналыста сұраққа тартылып жауап берілсін. Сондай-ақ, үлкен көрмеде көрсетілсін. Демек, киелі хадис: "Дүние ахиреттің егіс алқабы" деп айтылғаны осы ақиқатты мегзеп отыр.
Дүниенің бар екені шүбәсіз. Сондай-ақ әлгіндей өзінің шығармаларымен хикмет, инает, рахмет, адалет бар. Әлбетте, дүниенің бар болғаны сияқты нақты түрде ақиқат та бар. Әрі сондай-ақ дүниедегі барлық нәрсе бір жағымен анау әлеммен қатысты. Демек, ол жаққа барылады. Ахиретті жоққа шығару дүниені және оның ішіндегілерді жоққа шығару деген сөз. Демек, ажал мен қабір адамды күткен сияқты. жәннәт пен жәhәннәм да адамды күтіп, бақылап отыр.