Егер басқа жерде болсын, оларға лайық болатын мекенжәй болмаса, ол кезде күндіздің қаптаған жарығын көре тұра күннің барлығын жоққа шығару сияқты ақымақтық жасап, көз алдымыздағы хикметті жоққа шығаруға, сондай-ақ өте қуатты нышандары көрінген әділетті бекерге шығаруға hәм әржерде көрінген мейрімділікті өтірікке шығаруға тура келеді. (Сілтеме)(25)
Екінші, жағымсыз түрі: ақы жегендерді жөнге салу. Яғни ақы жегендердің ақысын азапқа салу, жазаға тарту арқылы береді. Әділеттің бул түрі шындығында бул дүниеде толық көрінбейді. Алайда бул ақиқаттың бар екендігін сездіретін басқа түрлі ишареттер мен іздер бар. Мысалға, Ад қауымы мен Сәмуд қауымын, сондай-ақ осы заманның қырсық қауымдарының басына түскен соққылар, жер жастандырған дауылдар әте айбынды бір әділеттің үкім еткендігін анық түрде көрсетеді.
--------------------------------------------------------------(25)(Сілтеме): Рас, әділет екі түрлі: Бірі жағымды, бірі жағымсыз. Жағымды әділдік, ақы иесіне ақысын беру. Әділеттің бул түрі дүниені ап-анық жайлап жатыр. Өйткені, Үшінші ақиқатта дәлелденгендей, эр нәрсенің бейімділік тілімен, қажеттілік сезінгендегі жаратылыс тілімен, қиын жағдайға душар болғанда шығатын тілімен Фатыр-ы Зүлжелалдан қалаған талап тілектерін сондай-ақ, бар болмысына, тіршілігіне қажетті барлық қүқықын өзіндік әлшемдермен дәлдік таразылармен берілгендігі айдан анық. Демек, әділдіктің бүл түрі дене мен өмірдің болмыстары сияқты анық.