ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | ӨЛIМ ЖӘНЕ МӘҢГIЛIК | 80
(1-148)

көміліп қалған сарайлар, майдандар, көрмелер мен әлемдерге куә болады. Олар пішіні, мәнісі жағынан бір-бірінен өзгеше болса да, жүйелілігі, таңға-жайыптығы, соншалық ұстасының құдірет пен хикметін көрсету жағынан бір-біріне уқсас келеді.

hәм, әлгі ауыспалы өлкелерде, қубылмалы майдандарда, турақсыз көрмелерде муншама анық хикметтің реттілігі, осыншама анық жарылқаудың ишареттері; соншама айбынды әділдіктің нышандары, соншалықты көлемді мейрімділіктің нәтижелерін көруге болады.

Көрсоқыр болмаған біреу, яқинен біледі: Бул хикметтен асқан хикмет бола алмайтынын, hәм іздері көрінген жатылқаудан асқан жарылқау мүмкін еместігін, hәм нышандары байқалған әділдіктен асқан әділдіік жоқтығын, hәм нәтижелері көрінген мейрімділіктен асқан мейрімділіктің болуы мүмкін еместігін аңғаратын болады.

Егер болымсыз болжап, мына істерді атқарған, мына қонақтарды, қонақ үйлерді ауыстырған Сұлтан-ы Сермедидің мемлекеттік аумағында, мәңгілік өткелдер, әсем орындар, тұрақты жерлер, баянды мекенжәйлар, отырықшы халқы, бақытты тұрғындары болмаса; жарық, ауа, су, топырақ тәрізді, қуатты әрі ауқымды төрт мағнеуи себепкер болып табылатын хикмет, әділет, жарылқау, мейрімділіктің бар екендігін олардың ақиқатын жоққа шығару керек болады. Өйткені: Мына баянсыз дүние және оның ішіндегілер толық ақиқатына лайық бола алмайтындығы мәлім.

Дыбыс жоқ