Сенің мазарлардағы миллиондаған қымбатгыларың иман нүрымен ғана көз алдында қайта тіріліп келеді. Олардың: „Біз өлген жоқпыз, өлмейміз де," - деп, тіршіліктерін кдйта жалғастырғандарын иман нүрымен көре аласың. Айырылып, көз жазып қалудан болатын кдйғылардың орнын олардың тіріліктерінен, қайта табысудан пайда болған сүйініш басады. Демек, иман имандыларға бүл дүниенің өзін де жәннат ләззаттарын береді, бере де бермек.
„Мен хайуан секілді өмір сүремін11 дем^. Себебі олар үшін болашақ пен өткен ш^қ жоқ. Жәнаб-ы Хаким-и Рахим жануарларға ақыл мен ойлау қабілетін бермеу арқщлы оларды шексіз қайғылардан қүгқарған. Тіпті, сойылу үшін жатқызылған тауық ешқандай да уайым-қайғы сезбейді. Пышақ кескен кез-де ғана сезгісі келеді, алайда ол кезде сезім кетеді, ол уайымнан да құтылады. Жәнаб-ы Хақтың оларға деген өте жоғары дәрежедегі рақымдылығы, рақметі мен мейірімі ғайыпты білдірмеуінде. Бұл, әсіресе, жуас үй жануарла-рында анық байқалады. Демек, еш нәрсе ойламай хайуанша өмір сүріп, ойнап-күлу жағынан сен хайуанға жете алмайсың. Одан мыңдаған дәреже төменсің. Себебі хайуанмен салыстырғанда, сенің өткен шақ пен бола-шақты ойлау қабілетің, ақылың бар. Мұңсыз емес, мұндысың.
Достық, бауырластық, сыйластық, ар мен отансүйгіштік тәрізді сенің мақтан тұтқан қасиеттерің өткінші болғандықтан, осынау иен даладан тырнақтай ғана жер алғанмен бірдей. Шексіз заманға салыстырғанда, осы өткінші шаққа тәуелді болғандықтан сенің адамгершілігің мен кемелдіктерің жасанды, жалған, негізсіз, түкке тұрғысыз болып азып-тозатыны сондай, оның бірте-бірте азып, мүлдем жойылып та кетеді. Оның үстіне иманды жандардың имандылығында достық, бауырластық, құрмет, адалдық секілді қасиеттер өткен мен болашақты да қамтығандықтан, оның адамгершілік пен ке-мелдік дәрежесі жоғары шығады.