АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 9
(1-151)

Осындай рахат пен пәк ләззатты біле тұра тәрк етіп, жастықтың буымен әлгі қайғы-қасірет аралас улы бал тәріздес әуесқой, ойнақы да өткіңші тыйым салынған ләззаттарды қуған адам өзінің хайуаннан жүз есе төмен екенін көрсетеді. Бөгде жүрт сияқты дінсіз де бола алмайды, Өйткені олар пайғамбарын бекерге шығарса, басқа пайғамбарды қабылдауы мүмкін. Пайғамбар-ларын танымаса да, Қүдайын таниды. Қүдай-ын үмытса да, бойында мәдениетке татитын кейбір жақсы қасиеттер де қалуы мүмкін.

Бірақ мүсылман барлық пайғамбарды әрі Қүдайды, сондай-ақ кемелдік атаулыны Мүхаммед араби Ғалейһиссалату уәссалам-ның арқасында үйреніп, таниды. Оның тәрбиесінен тысқары қалған, яғни онымен байланысын үзген мұсылман ешбір пайғамбарды танымайды. Құдайды да үмыта-ды, бойында ізгіліктің нышаны қалмай, мүлдем көрсоқыр болады. Олай болатыны біздің пайғамбарымыз пайғамбарлардың ең соңғысы, ең үлкені әрі тура жолға шақыруы мен діні жалпыға ортақ, бүкіл адамзатқа үндеу жасаған, сондай-ақ діни тұрғыда бол-сын, мүғжизелері болсын бәрінен үстем және ақиқат тұрғысында адамзатқа үстаздық етіп, пайғамбарлығы он төрт ғасыр бойы іс жүзінде дәлелденген. Әрі адамзат атаулының мақтанышы мен бетке тұтары. Пайғамбардың осындай тәрбиелік негіздерін, діни дәстүр-лерін тәрк еткен адам кемелденуден мақүрым қалады, нүрға шомбайды, әбден азғындап, сөзсіз хайуан сатысына дейін қүлдырайды.

Әй, дүниенің қызығына қүмар, қысқа ғұмырының рахаты үшін тұрмысын ғана жақсартуға тырысқан бейшаралар! Өмірде бақыт, рахат, көңіл хоштығын қаласаңдар:

Дыбыс жоқ