АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 8
(1-151)

Ал, имандылық пен қүлдық жолы: жүзде-жүз ықтимал әлгі дар ағашынан қүтқарып, жалғыздық абақтысы мен қарсы алдындағы қабірді мәңгілік қазынаға, сондай-ақ бақыт сарайына айнадыратынынан хабар беріп, белгілері мен ишараттарын көрсетуде. Осындай өте маңызды да өзекті мәселені толғанған адам баласы, әсіресе, мүсылман, егер иманы, жасаған қүлшылығы болмаса, оған дүниенің салтанаты берілсе, апырым-ай, бақытты бола қояр ма? Қарсы алдында қасқайып турған дар ағашынан пайда болған көңіліндегі үрейді баса қояр ма? Сіздерден сүраймын.

Мәселен, олардың бірі қолыңыздағы Рисалә-и Нүр шығармасы.

Қарттық, ауру-сыркау, уайым-қайғы, бақытсыздық, айналамызда күнделікті болып жататын ажал тәрізді оқиғалар, әлгі қасірет-қайғының көзін ашып, әрдайым еске түсіріп отырады. Қүдайдан безгендер мен азғындар жүз мыңдаған ләззат пен рахатқа батып жүргенімен, олардың көңілдерін мағнауи жәһәннам торлап, жанын жегідей жейді, ішін удай ашытады. Бірақ оны басып алған селқостық масаңдатып, уақытша сездірмейді.

Ал, имандылар мен қүлдық үрғандарға кел-сек, олар иман арқылы өздеріне қ^бір дегенді сарқылмас қазынаға кенейтін әрі мол бақытқа бөлейтін амалға және сондай үлкен „тағдыр11 лотереясының миллиард алтын ділдә мен алмас жәуһарлар үтатын билетіне айнал-дырады.

Әрдайым „Келг билетіңді ал!" дейді деп күткендіктен, терең де пәк ләззатқа, ру-хани рақатқа бататыны сондай, сол ләззат егер денеге айналса немесе дән болып ағашқа айналса, иесіне өзіндік бір жәннат сыйлайды.

Дыбыс жоқ