Заман ақырдың алай-тулей куйін кешіп, адамды еріксіз өзіне тартып кететін пәлекет иірімнің ішіпде жүріп ақылынан адаспай ақиқат ушін арпалысқан кейбір жастармен сухбаттасу.
Бір топ жас мына замандағы әзәзіл де сұмпайы нәпсіқұмарлыққа және әуестіктерге салынып кетпей, оған төтеп берулері үшін, „ақыретімізді қалай құтқарып қалуға бола-ды?" - деп, Рисалә-и Нұрдан медет сұрады. Рисалә-и Нұрдың терең мағынауи тәмсілі атынан былай дедім: Дүниеде қабір бар екені рас, оны ешкім жоққа шығара алмайды. Қаласақ та, қаламасақ та, бәріміздің де оған кіретініміз анық. Оған кірудің үш жолы бар. Өзге жолы жоқ.
Бірінші жол: Әлгі қабір - иманды жандар үшін бүл дүниеден әлдеқайда керемет о дүни-еге айқара ашылған есік.
Екінші жол: Ақыретті мойындағанымен, өз нәпсісін тыя алмай адасып жүргендер үшін ол - барлық дос атаулыдан айыратын жалғыз адамдық абақтыға мәңгілік қамалу. Ол пенде ақырет ісіне сеніп, біле тура орындамаған соң, тиісті жазасын алады.
Үшінші жол: Ақыре,тке сенбейтін кәпірлер мен хақ жолдан тайғандар үшін мәңгілікке жойылу қақпасы ...яғни өзінің, өзімен бірге барлық жақсы көрген адамдарының да көздерін жою үшін жасалған дар ағашы. Өзі де солай деп білгендіктен, күткенін айнытпай көретін болады.