АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 7
(1-151)

Аталған соңғы екі жол өте айқын әрі түсінікті болғандықтан, дәлелдеудің қажеті жоқ; тиісті пенденің өз көзімен көруі қолға ұстатқандай анық.

Қашанда ажал дегеніңіз жасырын, ол табан астынан келмек. Кез келген жерде, кез кел-ген уақытта тап беруге әзір. Жасг кәрі деп те айырып жатпайды. Кірпік қақпастан сұқты көзін қадап қарап тұрған, әлгі мәңгілікке жойылудың тұңғиық терең де шексіз оқпанын мәңгілік әлемнің есігіне, шексіз бақыт пен нұр әлемінің қақпасына айналды-ру - Оейшара тірі адамның ең басты да зор мәселесі.

Бұл ащы шындыққа, яғни ажалға үш жол бар. Үш жолдың да аталған түрде болатын-дығынан кімдер хабар береді десеңіздер, олар: жүз жиырма төрт мың турашыл елшілер, халқына мойындату үшін қолында мүғжизелері бар пайғамбарлар, сондай-ақ олардың айтқандарын дәлме-дәл куәгерлік етіп, қызу қуаттап қол қойған жуз жиырма төрт миллион әулие әрі ақиқатқа жаны құмар сансыз жандар. Булар пайғамбарлар мен әулиелердің айтқан хабарларын дәлме-дәл, қисынды әрі ғылыми түрде дәделдей отырып^ әлгі жоқ болу мен мәңгі зынданға тусу бәлесінен қутылудың, сонымен қатар оны мәңгі бақыт әлеміне айналдырудың жолы жузден тоқсан тоғыз ықтимал Иман және Ал-лаһқа мойынсүну екендігіне бірлесе отырып бірауыздан хабар беруде.

Қауіптілігі жүзден бір ықтимал жолға түскен бір адам ескертуге қүлақ аспайг сол жолда кетсе, „Бір нәрсеге ұшырап қалам бан деген ой оның мазасын алып, тәбетін қашыратыны анық. Апырым-ай, жүз мыңдаған турашыл да әділ елшілер Құдайдан безу мен азғындықтың жолы - жүзде жүз ықтимал әлгі қарсы алдындағы қабір дар ағашына апаратынын және мәңгілікке жапа-дан-жалғыз қамалуға себеп болатынын хабар-лауда.

Дыбыс жоқ