АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 124
(1-151)

Міне, әй тәуекелді білмейтін адам! Ақылға кел, тәуекел де! Сол кезде жаратылыс атаулыға тіленуден, оқиғалардан түршігуден, масқаралықтан, ахирет азабынан, тар дүниенің қыспағынан құтыласың.

Төртінші нүкте:

Адамды адам еткен иман. Тіпті сұлтан қылатын да сол. Олай болса адамның басты міндеті - иман мен дұға. Күпірлік - адамды нағыз хайуанға айналдырады.

Бұл мәселемізге мыңдаған дәлелдерден бір ғана дәлел: хайуан мен адамның дүниеге келу сәтіндегі айырмашылықтар.

Иә, адамзат иман арқылы адамзат атанғанын, адам мен хайуанның дүниеге келуіндегі айырмашылықтар көрсетіп отыр. Өйткені, хайуан дүниеге келген сәтте, бейне бір басқа әлемде жетілгендей бейімділігіне қарай кемелден түрде келеді, яғни жіберіледі. Екі сағатта, екі күнде немесе екі айда тіршілік заңдарын және қоршаған ортамен болатын қатынасын, өмір шарттарын түгелімен әп-сәтте үйреніп алады да іскер болып шыға келеді. Адамның жиырма жылда қолы жетпейтін табысы мен іскерлігін, торғай мен ара сияқты мақұлықтар жиырма күнде үйреніп алады, яғни оларға үйретіледі. Демек жануарлардың асыл міндеті, іздене отырып даму емес әрі білім жинай отырып жетілу емес, бейшаралығын көрсетіп көмек сұрау, дұға ету емес. Олардың негізгі міндеті; бейімділігіне қарай тіршілік ету мен амал жасау, іс-әрекеттері арқылы құлшылық ету болып табылады.

Дыбыс жоқ