АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 121
(1-151)

Мінекей менменшіл, қырсыққаннан қапы қалып әрі құдайдан безіп адасқан адам, бұл оқиғадағы бастапқы хәліме ұқсайды. Құдайдан безген адам қалта фонары тәрізді шала-пұла әрі адасқандық сезілетін мағлұматтар арқылы өткен шақты үлкен мазарлық бейнесінде жойылу, өшу деп көреді. Болашақты; дауылды-соқпақты, кездейсоқтықтың қолындағы үрейлі кезең деп біледі. Һәм Хаким-ы Рахимның құбылыстар мен жаратылыстар сияқты тіл алғыш қызметшілерін қатерлі жыртқыш аңдар деп қалады. Сөйтіп, менменшілдік оны

- дейтін үкімге лайық етеді. Егер Аллаhтан хидает келіп, тура жолға түссе, көңіліне иман ұялап нәпсінің перғауындық қасиеті талқандалса, Аллаhтың кітабын тыңдаса, ол кезде оқиғадағы екінші хәліме ұқсайды. Бүкіл әлем күндізгідей жайнап, Аллаhтың нұрына толады. Әлем:

деген аятты оқитын болады. Енді өткен шақты мазарлар бейнесінде емес, әр ғасырда пайғамбарлардың немесе әулиелердің әкімшілігімен қүлшылық жасаған рухы таза кісілердің өмірде өз міндеттерін аяқтай отырып: "Аллаhу Әкбар" деп, жоғары мәртебеге өрлегендерін және болашаққа саяхат жасағандарын жүрек көзімен көреді. Сол жағынан қарап; буырқанған теңіздей берзах пен ақыреттің ірі-ірі құбылыстарының тасасында жәннәттің бақшасындағы зәулім сарайларда әзірленген Рахмани қонақасының бар екенін иманның нүрымен алыстан сезеді.

Дыбыс жоқ