АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 119
(1-151)

Әрқайсысы жалт-жұлт еткен алмас болса да күңгірт жәй шыныға айналады. Маңыздылығы тек "тірі зат" - деп бағаланатын болады. Адам баласына заттай тұрғыдан қарайтын болсақ және одан шығатын нәтиже: өмірі қысқа, жануарлардың ең бейшарасы әрі тым мұқтаж, ең мұңлы мақұлық. Солай бола тұра өте қысқа мерзім тіршілік етеді. Соңында шіріп жойылып кетеді. Мінекей, күпірлік осылайша адамгершілік қасиетті жойып, алмасты көмірге айналдырады.

Екінші нүкте:

Иман: жарқыраған нұр. Ол, адамды нұрландырып бойындағы барлық Самәдани хаттарды оқытады. Сондай-ақ бүкіл әлемді де нұрға бөлейді. Өткен кезең мен болашақты қараңғылықтан сақтайды. Бұл хикметті түсінікті болу үшін, Қасиетті Құранның:

деген аятының бір ғана сырына қатысты тәмсіл көрген болатынмын, сол тәмсілді баяндап берейін. Қияли уақиға былай болатын: Бір-біріне қарама қарсы екі тау тұр екен деймін. Үстіне қорқынышты көпір тартылған. Көпірдің асты терең құз. Үстінде мен тұрмын. Дүниені қараңғылықбасқан, айнала тас-түнек. Оң жаққа қарап едім, қою қараңғылықта үлкен мазар көрінді яғни елестеттім. Сол жаққа қарап едім, тас түнек, алай-түлей дауыл соғып тұр. Сәлден соң апат болатындай көрінді. Еңкейіп төмен қарап едім, шыңырау құз көрінгендей болды. Мына қорқынышты қараңғыда пайдаланатын қалта фонарым бар болатын. Соны пайдаланып көмескі, әлсіз жарығымен айналама қарадым. Жағдай өте сесті. Тіпті алдымдағы көпірдің басында және айналасында айдаhарлар, айбарлы арыстандар сияқты жыртқыш аңдарды көріп: "Шіркін фонарым болмағанда ғой, мына қорқынышты күйлерді көрмеген болар едім!" деп іштей қынжылдым.

Дыбыс жоқ