АЛҒЫ СӨЗ | АЛҒЫ СӨЗ | 120
(1-151)

Фонарымды қай жаққа бұрсам да алдымнан үрейлі көріністер шыға берді. "Қап, мына фонар басыма бәле болды!"деп фонарға ашуландым. Болмаған соң қалта фонарымды жерге бір ұрып сындырдым. Сол-ақ екен құдды оның сынуы дүниені жарық қылатын алып электр шамының қосқышына тиіп кеткендей, қараңғы түнексейіліп қоя берді. Ол шам айналаны нұрға бөледі. Әр нәрсенің ақиқатын көрсетті. Бақтым, жаңағы көрінген көпір әсем жазық даладағы жол екен. Ал, оң жағымдағы үлкен мазарлар болса, жайқалған бау-бақшалар болып шықты. Қорқынышты бейнелер нұрлы жүзді адамдардың әкімшілігіндегі сұхбаттасу, қызмет ету, құлшылық пен зікір салу мәжілістері екенін аңғардым. Сол жағымдағы боранды шыңыраулар дегенім әдемі, сұлу асқар таулар екенін көрдім. Оның арғы жағында үлкен қонақ асы, тамаша серуенжай, көңіл көтерулер бар екенін қиял аралас түйсіндім. Менің айдаhар деп қорыққан жыртқыш аңдарым болса, сүйкімді әрі момақан түйе, сиыр, қой, ешкі сияқты үй жануарлары екен. Дереу: "Әлхамдү-лиллаhи ала нурил иман" деп, Құраннан:

деген қасиетті аятты оқыдым, сол кезде оқиғада тамам болды.

Міне, манағы екі тау дегеніміз өмірдің басы мен соңы, яғни бұл әлем мен қабір әлемі. Көпір болса өмір жол, оң жақ - өткен жақ, сол жақ - болашақ. Қалта фонары болса өзімшіл, білгеніне жүгінгеннен аспайтын әрі Аллаhтың әмірін тыңдамайтын адам бойындағы менмендік. Жануарлар сияқты көрінген нәрселер болса, әлемдегі таңғажайып құбылыстар мен мақұлықтар.

Дыбыс жоқ