Бұл сырды тәмсіл арқылы баяндалық. Мәселен: өнер саласында материяның құны мен шеберліктің құны әр түрлі. Кейде екеуінің құндылығы қатарласып, кейде материя құндырақ көрінеді. Ал кейде бес тиындық бақыр сияқты шикізаттан бес теңгелік бұйым жасалады. Тіпті миллион теңгелік көне бұйым, бес тиындық шикізаттан жасалуы мүмкін. Міне осындай бір өнер туындысы антикварлық базарға апарылса, ол жерде өте ескі замандағы он саусағынан өнер тамған шеберұстасы мадақталып, біргетаныстырылса, манағы туынды миллион есе қымбатқа сатылар еді. Егер темір-терсек сататын дүкенге апарылса қүны көк тиын болары анық.
Мінекей адам, Жәнаб-ы Хақтың таңғажайып туындысы әрі өзі тым нәзік hәм құдіретінің мүғжизесі. Аллаhу Тағала адамды өзінің әсем есімдеріне бөлеп, нақыштарымен әшекейлеп, бүкіл әлемнің кішкене өрнегі ретінде жаратқан.
Егер оған иман нұры ұяласа, бойындағы терең мағыналы барлық нақыштар сол нұр арқылы оқылады. Оларды мүтминнің өзі де сана-сезімімен оқиды. Әрі сол нұр арқылы басқаларға да оқытады. Яғни "Мен Сани-ы Зүлжәләлдің туындысымын, мақұлығымын. Оның рақымы мен мейіріміне бөлендім" деген сияқты тұжырымдармен бойындағы Аллаhтыңшеберлігін көрсетеді. Демек Саниымен байланыстырып тұратын иман адамның бойындағы күллі шеберлікті жарыққа шығарады. Адамның құны Раббысының шеберлігімен бірге әрі Самәдани айна болуы жағынан бағаланатын болады. Сөйтіп мына елеусіз адам, әлгі байланыстың арқасында бүкіл мақұлықтардан жоғары мәртебеге шығып, Аллаhтың тыңдаушысы әрі жәннәтқа лайық Раббани қонақ болады.
Егер байланысты үзетін күпірлік адамның бойын жайласа, Аллаhтың күллі әсем есімдерінің нақыштарын қараңғылық тұмшалап оқылмайтын етеді. Расында Сани-ы ұмытылса оған қатысты мағыналар түсініксіз болып, бас-аяқсыз құбыжық тәрізді боп қалады. Манағы тамаша да көркем өнер мен керемет сырға толы нақыштардың көпшілігі ашылмай қалады. Қалған жақтары және көзге көрінетін түстары болса жәй себептерге, кездейсоқтыққа сондай-ақ табиғаттың еркіне беріліп ақырында қүты қашады.