Сол сияқты адамның күрделі тұлғасы да шағын мөлшерде жер мен әлемнің тулғасы сияқты әлігі Рахман есімінің толық көрінісін көрсе-теді деген мағынада айтылған, һәм Зат-ы Рах-маниррахимның дәлелдері мен айналары болып табылатын тіршілік иелері мен адам сияқты шағылыстырушылардың Зат-ы Уажиб-ул Ужудты растайтын дәлелдері толық, анық әрі ашық болғаны сондай, мәселен, күнді шағылыстырып, оның үлгісін көрсететін жалтырақ айнаға, оның жылтырақтығына, дәлелдеуінің анықтығына ишарат ретінде „Мына айна, күннің өзі ғой" дейді. Сол сияқты „Адамның тулғасында Рахманның су-реті бар" дегені, оның дәлелдігінің анықтығына, тығыз байланыстылығына иша-рат ретінде айтылған, әрі айтылады да. Со-ндай-ақ, әхли-Уахдетүл Ужудтың жөні түзу тобыг „Лә мәужудә иллә һу" деген сырға сүйене отырып, әлгі дәлелділігінің қуаттылығын әрі сол байланыстықтың тығыздылығын мегзеп айтқан.
Алтыншы сыр: Әйг шексіз әлсіздік пен соңсыз пақырлықтың күйін кешкен бишара адам! Рахметтің қаншалықты қүнды бір үйытқы, неткен тиімді шапағатшы екенін мы-надан біл. Ол Рахмет - сондай бір Сұлтан-ы Зүлжәлалға үйытқы, Ол Сүлтан жүлдыздар мен молекулаларды бірге, асқан реттілікпен, өзінің қол астында мойынсүндыра қызмет еткізуде. Ол Зат-ы Зүлжәлал, ол Әзел мен Әбед Сүлтан ешкімге, ештеңеге мұқтаж емес, өзіне тән тасыған байлығы бар. Ол сөзсіз мол-шылық ішінде. Ол - қай жақтан болсын әлемге және болмыс атаулыға мүлдем мұқтаж емес бір Ғани-ы Аләл Ытлақ.